From Wikipedia, the free encyclopedia
Николай Андреевич Римский-Корсаков [6(18). 3.1844, Тихвин қаласы, Новгород губерниясы — 21.6.1908, Любенск усадьбасы, Псков облысы — Ресей композиторы, дирижер.
Теңізшілер кадет корпусында оқыған (1856 — 62). 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған Р.-К. кейіннен М.Балакиревтің “Жасампаз топ” шығармалық үйірмесіне қатысты, музыкалық танымы, бағыты, эстетикалық көзқарасы қалыптасты. Ол Балакиревтің ықпалымен 1-симфониясын (1861 — 65) жазды. 1867 ж. “Серб қиялы” және “Садко” музыкалық суреттемесі мен бірқатар романстар жазған. 1868 ж. “Антар” 2-симфониясын, 1872 ж. “Псков қызы” операсын дүниеге әкелді. “Орыстың 100 халық әні” (1875 — 76), “40 әуен” (1875 — 82), “Мамыр түні” (1878 — 79), “Ақшақар” (1880 — 81) және “Таз Таудағы түн” (1886) шығармалары жарық көрді.
Кейіннен оркестрге арналған “Ертегі” (1879 — 80), оркестрге арналған фортепианолық концерттер (1882 — 83), симфониетта (1884 — 85), сондай-ақ шығармашылық шыңы — “Испан каприччиосы” (1887) мен “Шехеразада” (1888) жазылды. “Рождество алдындағы түн” (1894 — 95), эпикалық “Опера-былина”, “Садко” (1893 — 96), камералдық опера “Моцарт және Сальери” (1897), бір актілі “Бояр әйел Вера Шелога”, “Патша қалыңдығы” (екеуі де 1898), “Ажалсыз Кощей” (1902) опералары дүниеге келді. Р.-К. жазған “Оркестрлеу негіздері” және “Тәжірибелі Гармония оқулығы” атты еңбектері өзінің ғылыми-педагогикалық маңызын осы күнге дейін жоймай келеді.
Николай Римский-Корсаков Новгород губерниясындағы Тихвин қаласында таған. Римский-Корсаковтердің отбасылық баспанасы Тихвинка өзенінің жағалауында, Богородич Успен шіркеуіне қарама-қарсы орналасқан. Композитордың әкесі, Андрей Петрович Римский-Корсаков (1784—1862), біршама уақыт бойы новгородтық вице-губернатор қызметін атқарған, кейін волындық азаматтық губернатор қызметіне ауысты; анасы, Софья Васильевна, крепостнойлық шаруа әйелі мен Скарятин атты бай помещиктің қыздары болған. Композитордың болашағына оның үлкен ағасы, теңіз офицері, болашақ контрадмирал Воин Андреевич қатты әсер етті.
6 жасында ол үйде білім алып, фортепианода ойнай бастады, бірақ музыка балаға кітаптарға қарағанда әлдеқайда үлкен әсер етті. Соңғылардан оған шіркеу әндері ұнайтын. Сонымен қатар орыстың ұлттық әндеріне қызығушылығы артты. 11 жасында ол өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын құрастыра бастады.
Милий Алексеевичтің әсері мен басшылығының арқасында Римский - Корсаковтың ең алғашқы үлкен шығармасы қолға алынды, атауы — Алғашқы симфония. Композитордың өзінің айтуы бойынша, симфонияның алғашқы нұсқасы оның Каниллада оқып жүрген кезінде жасалып қойған. Бірақ шығарманы нақты қолға алу тек 1861—1862 жылдары іске асты. 1862 жылдың мамыр айына таман симфонияның алғашқы бөлімін, скерцосын және соңын шығарып, оркестрледім, дейді.
1890-жылдардың басына қарай композитордың шығармашылық қызметі аздап төмендеді: бұл кезеңде ол философияға қызықты, мақалалар жазды, сонымен қатар өзінің ескі шығармаларының кейбіреулерін қайта қарастырып, өзгертті. Кейін оның шығармашылығы қарқындылық жолына түсті: бірінен сон бірі түрлі опералары шығарыла бастады «Рождествоның алдындағы түн» (1895), «Садко» (1896), «Моцарт және Сальери» (1897), «Псковитянка» және «Корольдік қалыңдық» операларына пролог (Мей бойынша, 1898).
1908 жылдың 8 [21] маусымында Любенск қаласында, қала сыртындағы қоныста қайтыс болды. Ол жерде қазір композитордың қайта құрастырылған екі қонысы – Любенскідегі үй мен 1907 жылға дейін тұрған Вечашадағы үйінің біріктірілген мемориалды мұражайлық кешені орналасқан.
Римский-Корсаков композиторлық мектептің негізін қалаған, оның оқушыларының ішінде шамамен екі жүз шақты композиторлар, дирижёрлер, музыкатанушылар, солардың ішінде Фёдор Акименко, Николай Амани, Антон Аренский, Николай Арцыбушев, Мелитон Баланчивадзе, Семён Бармотин, Феликс Блуменфельд, Юлия Вейсберг, Язепс Витол, Александр Глазунов, Михаил Гнесин, Александр Гречанинов, Василий Золотарёв, Михаил Ипполитов-Иванов, Андрей Казбирюк, Николай Лысенко, Анатолий Лядов, Витольд Малишевский, Николай Малько, Эмиль Млынарский, Николай Мясковский, Александр Оссовский, Сергей Прокофьев, Отторино Респиги, Николай Соколов, Александр Спендиаров, Игорь Стравинский, Александр Танеев, Николай Черепнин, Максимилиан Штейнберг сынды тұлғаларды атап өтуге болады.
=== Вокалдық шығармалары ===:
=== Кітаптар ===:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.